Кәсіпорындардың қаржысы бойынша жалпымемлекеттік статистикалық байқаулардың статистикалық нысандары мен оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті Төрағасының 2014 жылғы 14 қарашадағы № 50 бұйрығы
ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының 2015 жылғы 7 қазандағы № 154 бұйрығымен күші жойылды
«Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 19 наурыздағы Заңының 12-бабының 3) және 8) тармақшаларына, сонымен қатар Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 30 қыркүйектегі № 33 бұйрығымен бекітілген, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9779 болып тіркелген Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті туралы ереженің 13-тармағы 9) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Мыналар:
1) «Негізгі қорлар жағдайы туралы есеп» (коды 0011104, индексі 11, кезеңділігі жылдық) жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысаны осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес;
2) «Негізгі қорлар жағдайы туралы есеп» (коды 0011104, индексі 11, кезеңділігі жылдық) жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысанын толтыру жөніндегі нұсқаулық осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес;
3) «Микрокредиттік қызмет туралы есеп» (коды 0071102, индексі 1-МКО, кезеңділігі тоқсандық) жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысаны осы бұйрықтың 3-қосымшасына сәйкес;
4) «Микрокредиттік қызмет туралы есеп» (коды 0071102, индексі 1-МКО, кезеңділігі тоқсандық) жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысанын толтыру жөніндегі нұсқаулық осы бұйрықтың 4-қосымшасына сәйкес;
5) «Микрокредиттік қызмет туралы есеп» (коды 0061104, индексі 1-МКО, кезеңділігі жылдық) жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысаны осы бұйрықтың 5-қосымшасына сәйкес;
6) «Микрокредиттік қызмет туралы есеп» (коды 0061104, индексі 1-МКО, кезеңділігі жылдық) жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысаны осы бұйрықтың 6-қосымшасына сәйкес;